Аңның ағзасы адамға ем бе?
Аңның ағзасы адамға ем бе?
601
оқылды

Бұрын аңшылар тон, ішік сынды түрлі киім тігетін фабрикалар мен тері өңдеу цехтарына аң-жануарлардың терісін ғана өткізетін. Ал қазір «Заманына қарай адамы, ада­мына қарай амалы» дегендей, «мың түрлі ауруға ем» деген желеумен аю, қасқыр, борсық, суырларды басынан бақай­шығына дейін сату үрдісі үдеп кетті. Тіпті, қоянның құмалағы да өтімді болып тұр. «Арам ет денсаулыққа зиян емес пе?» деп дәрігер мамандардың кеңесін алып отырған тұтынушы да жоқ. Шеттерінен «халық еміне» жүгінгіш болып алған. Сондықтан «Аңқау елге арамза молданың» керін келтірген аңшылар да түз тағыларының әр мүшесін қымбатқа бағалауға көшіпті.

Аюдың өті – 50 мың теңге!

Сонымен, жұрт «ем болады» де­ген сеніммен табиғатқа қыр­ғи­­дай тиіп жатыр. Ш.Уәлиханов атын­­дағы Тарих және этнология инсти­туты интернетте «Шыңжаң қазақ­тары­ның аңшылық дәстүр­лері» де­­ген жаз­ба жариялады. Онда «Қас­­­­­­­­­қырдың тілі, өті дәрі. Тілі тал­ма ау­руын қоймайды. Мұ­рынға жел түссе, бауырын қай­раққа қайрап-қайрап, соны мұ­рынның сыртынан жағады. Бауыр­ды алдымен кеп­­тіреді. Мұр­нына дәріні жаққанда, күш­тілігі сондай, ауызға, тілге қа­­н­­ның дәмі келіп, қан татып ке­теді, сол кезде дәріні тоқтата қою керек. Әйтпесе одан адам өліп кетуі мүм­­кін. Белге құрт түссе қас­­­­­­­қыр­­дың кепкен тілін қайраққа өлтіріп, бел­ге жақса, науқас жазылады. Ол үшін қасқырдың тілін кептіріп қоя­ды. Оны тал­қандап, суға езіп ішсе, талма (эпи­лепсия) ауруына ем. Қас­­­қыр­дың асығын өзіңмен бір­ге алып жүрсең тіл-көз, ұшықтан аман-есен бо­ласың. Атыс-шабыс бо­­­лып кетсе, оқ та тимейді деген ы­рым бар. Машинада жүрсең, маши­­­­на ау­дарылса, өзің аман қа­ласың. Түл­кінің тұмсығын асынып алған адам ешқашан еш нәрсені ұмыт­пайды. Аюдың өті жаман ау­рудан жазады. Оны алмас бұрын бір қапшық ине табу керек. Аюдың өтін жарып, ішіне инелерді салып жіберу керек. Аюды сойып, етін бұ­зып, әбден жұмыс біткен соң өттің ішін­дегі инеден бір талы қал­­­май, бәрі еріп кетеді. Ең ем бо­­­ла­­­тын күш­ті дәрі – осы. Рак ауруының бә­­­­­рін емдейді. Майы буын қа­бы­­­нуына ем. Табан майын таба­ныңыз­­ға, қол майын қолыңызға жақсаңыз, қақ­саудан, сырқы­рау­дан ем болады...» деп шұ­бырта берген. Сол себепті бүгінде аюдың өті 50 мың теңгеге сатылып жатыр. «Ауырмаңыз» газетінің тілшісі «Аю­дың өтін сатамын» деген жар­нама иесімен сөйлесіп көрген екен. Әрине, тауарын өткізудің амалын білетін сатушы оны «бас­тан башпайға дейінгі мың да бір ауруға ем» деп, әбден мақтауын ке­­лістірген. «Бірақ оны дұрыс қол­дану керек. Бидайдың дәнін­дей ғана бір түйірін 2 ас қасық қайнаған жылы суға езіп қоясың. Су 2 ас қасық болса, жетеді. Таңер­­­тең аш­қарынға және кешке жатарда солай ішесің. Күніне екі рет. Осылай таусылғанша ішеді» деп білгішсініп қоюды да ұмыт­паған. Айтуынша, оған өтті аң­шылар 40-45 мың тең­­геге өт­кізеді екен. Өзі соның үст­і­нен 5 мың теңге пайда көріп отыр-мыс. Ішкі баға сондай бол­ғанмен, шетел­­діктер одан да қымбатқа са­тып алуға дайын көрінеді. «Қа­зақстан тарихы» порталы келтірген де­рекке сүйенсек, аюдың өтін ке­зінде денесіне шешек шығып, оны­сы асқынып кетіп, өлім ау­зында жатқан Құнанбай қажы да емге пайдаланған екен. Атақты Ыр­ғызбай тәуіп оны қоңыр аю­дың өтімен емдеп, аман алып қалыпты. «Емші қоңыр аюдың өтін бауы­рымен қосып алып, мейіз­дей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіз­дерінен жасаған дә­рілерін реттеп, әбден қайнатып, тазартқан. Неше түрлі шөптен, 41 түрлі жапырақтан, гүл мен та­мырдан дәрі жасап, оны жыл­қының іш майына аралас­тырып қайнатады. Жеті түрлі дәм­нен тосап дайындап, оған аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкізіп, 40 күн емдейді. Осын­дай күрделі емдеу жолынан өткен Құнанбай айтылған мер­зімнен соң, ауруынан құлан-таза айығып шығады» деп жазылған пор­талда. Демек, әлгі сатушы әйел айтқандай, аюдың өтін қайнаған суға ара­ластырып іше салуға болмайды. Еске сала кетсек, одан Шығыс медицинасында, әсіресе жапон елінде аса қымбат дәрі-дәрмек жа­салатыны рас. Моңғолия, Қы­тай, әсіресе Тибет медици­насында жиі қолданылады. Алайда жүкті, емі­зулі нәрестесі бар әйелдерге, ту­беркулезбен ауы­ратындарға аюдың өтін қол­­дану қауіпті. Ауру үстіне ауру жамап, ағзадағы қауіпті ауру оша­­ғын қоздырып алуы мүмкін. Қазақстанда аюдың өзі көп те емес. Алматы мен Шығыс Қазақ­стан облыстарында ғана бар. Онда да Алтай таулы ормандарының Шығыс Қазақстан бөлігінде 2 200, Жоңғар Алатауы жақта 550-дей ғана қоңыр аю бар екен. Қазір елі­мізде саудаға түсіп жатқаны – сол қоңыр аюдың өті. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министр­лігінің Орман және аң шаруа­шылығы комитеті онсыз да қата­­ры сиреп қал­ған аюды арнайы аңшылық мау­сымында есеппен атуға рұқсат еткен десек, 50 мың теңгеге өт са­­тушыларға оны бра­коньерлердің жеткізіп беруі ғажап емес.

Құртқаның қынабы да өтімді

«Ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесінен жасалған тұмар пай­далы» деседі біздің бұқара. Оның бір данасы 5-10 мың теңгеге са­тылып жатыр. «3 мың теңгеден беремін» дейтіндер де бар. «Ши­палық қасиетіне» келсек, оны бала көтере алмай жүрген әйелдер мен белі әлсіз ерлер бойында алып жүр­се, қуаттанып, бала сүйеді-міс. Тіп­ті, құмар ойынымен ай­налы­сатындар да қолы жақсы жүреді деген сеніммен құртқаның қына­бынан тұмар жасатып алады екен. Бұдан бөлек, Жазушылар ода­ғының мүшесі Мылтықбай Ерім­бетов Әбибулла есімді қақ­паншы туралы естелік жазды. Сон­да аңшы күтімсіздіктен жас бо­санған әйел­дердің омырауы ісіп кетсе, оған қасқырдың бауырын кесіп, кесеге кішкене езіп, екі рет жаққанда, ісіктің беті қайтатынын айтқан. Сондай-ақ 11 жыл бала көтермеген әйел суық тиген несеп жолына жағу үшін одан қасқыр­дың ішмайын алдыртқан. Тубер­­кулезбен ауыра­тын тағы бір әйел қасқыр сойып жатқан қақ­пан­шыдан оның екі бүйрегін сұрап алып, шоққа ауна­тып-аунатып жей салыпты. Оған қоса, қас­қырдың майы буын ісінуін ба­сады, тыныс жолы ауруларын емдейді, тамақ қабынғанда, қол­қаға суық тигенде пайдалы, денеге шыққан түрлі жаралардың тез бітіп кетуіне сеп дегендей «ем-домы» толып жатыр. Алайда оны 7 жасқа дейінгі балаларға ішуге болмайды. Ересек адамның өзі күніне бір-екі қасықтан артық ішсе, өкпені күйдіріп жіберуі мүмкін. Сөйтіп, қазір бұл «ши­палы майдың» да 150-200 грамы 3 мың теңгеге бағаланып отыр. Ал оның тісі – жағымен бірге. Суырып алуға тырыссаң, сынып кетеді. Оны ит қапқан балаға жақ­сы ем деп білетіндер суға са­­лып, баланы шомылдырады. Халық ара­сында сұранысқа сұм­дық ие болып алғаны сондай, қасқырдың бір азуы да қынабы сияқты 3-10 мың теңге аралығында сатылады. Ал азуды бойтұмар немесе кілт сал­ғыш ре­­тінде зергерлерге ар­найы жасат­­саңыз, бағасы 40 мың теңгеге дейін жетеді. Тіпті, тыр­нағынан жасалған тұмардың өзі 2 мың теңге тұрады. Өйткені оны­мен шаншу қадалған адамды емдеуге болады екен. Аюдың өті сияқты, қасқырдың да кептірілген өті сатылымда жүр. Біреуі 10-15 мың теңге тұрады. Оны суықтан, ауыр салмақтан болатын буын-омыртқа аурула­рына, түрлі іш құрылысы дертте­ріне қарсы қолданады. Ол аздай, оның терісін емге қолданатындар бар екен. Мы­салы, 2018 жылы иленбеген бір терісі – 50 мың теңге, ал иленіп, ішік, тон, тұлып, аяқкиім тігуге жарайтындары 200 мың теңгеге дейін шарықтағаны есімізде. «Менде қасқырдың өңеші бар. Ангина мазалағанда емге соны қолданамын. Жақсы көмектеседі. Таңертең ашқарынға шалқайып жатып, ауызды ашу керек. Сосын жарты кесе қайнаған жылы суды қасқырдың өңешімен жүргізесіз. Мұны үш күн жасайсыз. Керемет ем болады. Ешқандай дәрі-дәр­мектің керегі жоқ», – дейді Орал қаласының тұрғыны Гүл­мира Бисенбаева. Қысқасы, наным-сенімге әбден бой алдырып алған қара­­­пайым жандар үшін осы бір түз та­ғысының ем емес жері жоқ бо­лып шығады. Қыза-қыза келе, биыл қасқырдың майымен коро­навирустан қорға­нуға бола­тыны да айтылып қалды. Алайда дәрі­герлер қасқыр майы­ның иммун­түрлендіруші немесе кез келген өкпе және респи­ра­торлық ауру­ларға қарсы емдік қа­сиеті жоқ екенін ескертіп отыр. Сондай-ақ ДДСҰ ұйымы коро­­навирусқа қарсы халық ара­сында кең та­ралған ем-домның еш­­­­қай­­сысына дәлел жоқ екенін мә­­­лім­деді. Өйт­кені кез келген аң-жануар майы­ның пайдасы туралы бірде-бір ғылыми-зерттеу жасал­маған.

Қасқыр мен қабанда паразит көп

Енді қоянның миын талма, қалтылдақ ауруға қуырып береді, суырдың қуығын кептіріп, несебі тұтылған кісіге жегізеді дегендей бірдеңелер тарай бастады. Соны­мен қатар Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жұртқа сы­нықшы ретінде танылған Ме­детбек Жолшиев деген кісі Саид Юлдаш Әлидің «Мен емшімін» деген кіта­бынан жұртты қоянның қаны­мен емдеуді үйреніпті. «Бір күні маған ауыр дертке шалдыққан жас жігіт келді. Терісі сүйегіне жа­бы­сып, өңі қуарған, көздері нұрсыз еді. Мен айтқандай, жа­байы қоян­ның қа­нын соңғы там­шысына дейін ішіп, асқабақты да шикілей жей беріпті. Содан ол жа­зылып кетті», – дейді ол. Оны­мен қоймай, емші қоянның құ­малағын жинап, оны нан ара­сына салып, шыжың дертіне шал­дық­қан балаға берсе, тез жазы­­ла­ты­нын алға тартып отыр. Енді мамандардың кеңесіне құлақ түрсек, қасқыр – қауіпті ин­фекцияларды тасымалдаушы. Се­­бебі ол кейде өлексе жейді. «Қас­қырдың ағзасын жеген адам трихи­неллез ауруына шалдығуы мүмкін. Бұл трихинелла құртта­ры – ағзаға әсер ететін аса қауіпті ауру. Ол адам­ды аянышты халге әкелетін улы заттарды шығара­ды», – дейді ветеринарлық-санитарлық сарап­тама зертха­насының меңгерушісі Роза Има­шева. Бұл ретте нарықта 5 мың тең­­геден сатылып жатқан құрқылтай ұясының «80 түрлі ауруға ем» еке­ніне тоқталмай-ақ, бізге сұхбат берген кәсіби аңшы Нұржан Жол­дыбекұлының пікіріне кезек бе­рейік. «Иә, маған да тапсырыс бер­гендер бар. Оны орындаған да уақыт болған. Осыған қатысты өз ойым: мысалы, аю өтінен қышыма қотырға қарсы мазь жасайтын адам­ды білемін. Ол адам осы өт ішіндегі қойыртпаққа қосымша қандай препарат қосатынын, оның пропорциясын айтпайды. Ал аю, борсық, суыр майын ша­мадан көп ішсе, бауырға өте зиян. Ал қас­қырдың өті, жыныс мүшесі, т.б. ағзаларынан ешқандай пайда жоқ. Өйткені ол көбіне өлексе жей­тін­діктен, етінде түрлі паразит, ли­­чинка бар. Қасқыр екінің бірі ала алмайтын әккі аң болған соң, оған қатысты тылсымға толы мифтер көп. Шындыққа жанас­пайды. Мысалы, «жабайы қабан шөп жей­ді, демек оның етін жесе бо­лады» деп жатады. Ол дұрыс емес! Өйткені қабан – шошқа. Жылдың қай мезгілінде болса да жерді қо­пар­­ғанда тышқан, т.б. жеуге жарам­сыз жанды-жан­сыз­дың барлығын талғамай жейді. Қысқасы, аң етін­де, дене ағза­­­ларында ешқандай тылсым жоқ! Сондай-ақ «ұрғашы қасқыр сар­­пайы ешкімге бұйырмас үшін ар­тын тістеп тастайды» дейді. Бұл – жалған. Алдыңда қашып келе жатқан қасқырға артынан атқан оқ артына тимей ме?! Сосын ол ор­нында айналып, жанына батқан жерін тістелейді. Демек, оқ қай же­­­­­­­ріне тисе, сол жерін жұл­ма­лай­ды», – дейді Нұржан Жол­дыбекұлы.

Еркеғали БЕЙСЕН