Алматыда полиция жиһазға «тапсырыс» қабылдаған алаяққа алданғандарды іздеп жатыр
Алматыда полиция жиһазға «тапсырыс» қабылдаған алаяққа алданғандарды іздеп жатыр
125
оқылды

Polisia.kz-тің мәліметінше, алаяқтың жұмыссыз, 1983 жылы туған Е. есімді қала тұрғыны екені анықталды.

Полиция оның оншақты іске қатысы бар екенін анықтады.

Бостандық аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Еділхан Байғараев: «Күдікті интернетте жиһаздың әр түрін жасайтыны жөнінде жарнама жариялаған. Біраз уақыттан кейін З. есімді азаматша өзінің ЖК-мен бірлесе жұмыс істеу туралы ұсыныс айтқан. Клиенттерді әйел адамдардан ғана таңдап, келісімшарт жасайды. Ал алаяқ ағаштан жиһаз жасайтынына сендірді. Екеуара тапсырыс үшін төлемнің 80%-ын алдын ала алуға келіскен. Клиенттерден 200 мың және одан да көп сомаға тапсырыс алған», – дейді.

Уақыт өте алданғанын білген тұрғындар полицияға шағымданған. Күдікті Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды. Полиция алаяқтан зардап шеккен азаматтарға 254-47-02 және 254-47-10 телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.