Көпшілік Ashyq қосымшасын пайдаланатынын білеміз. Аталған жоба аясында Алматы «жасыл аймаққа» өтетін болса, мамыр айында караоке мен банкет залдары жұмыс істейді.
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, 17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталған. Егер Алматы «жасыл аймаққа» өтетін болса, мамыр айында Ashyq жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді. Ал қаладағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенін атап өтті. Ол мамыр айында караокені, сондай-ақ толымдығы 50%-дан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастыратынын айтты.А.ЖОЛДАС