Атыраулық тұрғынның үйінен 1 тонна балық табылды
Атыраулық тұрғынның үйінен 1 тонна балық табылды
101
оқылды

Атырауда Жайық-Каспий бассейні ау­ма­­ғында «Бе­кіре-2021» жедел алдын алу шара­сының көктемгі кезеңі басталды. Алайда балық қо­рын қорғаушылардың қы­рағылығынан да тай­сал­­майтын браконьерлер кө­бей­месе, азай­май тұр. Жуыр­­да Атырау қаласы тұр­ғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды.

Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қолсұғу­шылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Бекіре-2021» же­­дел-профилактикалық іс-ша­расы аясында өткізілген арнайы опе­рация нәтижесінде Атырау қаласы тұрғынының үйінен 1 тон­­­наға жуық бекіре тұқымдас балы­ғын тәркілеген. «Аталған қыл­мысқа күдікті 1996 жылғы туған азамат анықталып, уа­қытша ұстау изоля­­торына қа­мал­­ды», – деді Атырау облысы Полиция де­партаментінің бас­тығы Қамза Үмбетқалиев. «Бекіре-2021» балық қорғау акциясы басталғаннан бері құқық қорғау, табиғатты қорғау орган­­­дарының және ҰҚК шекара қыз­метінің мамандары бірлесе оты­­рып, 360 экологиялық заң­­­наманы бұзу фактісін анықтаған. Атырау облысында – 277, Маңғыстау облысында – 54 және Батыс Қа­зақстан облысында 29 заңбұзу­шылық тіркелген. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Олег Тушкановтың айтуынша, бұл аймақтарда 210 заң бұзушы әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, 33 материал сотқа жолданған. Бра­коньерлік және сирек кезде­­сетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерімен заңсыз жұмыс істеу фактісі бойынша 20 қыл­мыстық іс қозғалды. Акция бары­сында балықты қорғау заңна­масын бұзушыларға 3,4 миллион теңге көлемінде әкімшілік айып­­­пұл са­лынды. Балық шаруашылығы, поли­­ция және шекарашылар заңсыз айна­­лымнан 14,6 тонна балық тәркіледі. Оның ішінде 551,5 келі бекіре тұ­­­қымдас балық, сонымен қатар 152 да­на балық аулау құ­­ралы, 28 жүзу құралы және 11 кө­­­лік құ­ралы бол­ған. Браконьерлікпен күресте жү­ріп, балық қорын қорғаушылар күн сайын өзен арналарын бра­коньер­лік балық аулау құрал­да­­рынан та­­зар­тады. Осы шара­лар­­­дың нәти­жесінде Жайық-Кас­пий бассей­нінің су айдынынан 438 да­­­­на заң­­сыз балық аулау құ­­­­ралы, не­гізінен синтетикалық мо­­­­­­­но­тал­шықты тор шығарылған.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы