Сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті

Сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсті. Қызықты сәттің видеосын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-те жариялады.

Ол жазбасында еліміз ерекше жануар­ларға бай екенін жазды. Солардың бірі – сібір тау ешкісі. Тұяқты жануар Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде камераға түсіп қалған. Самал Ибраеваның айтуынша, 2020 жылы парк аумағында таутекелерге санақ жүргізілген. Нәтижесінде, олардың саны   1 596 бас екен. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 сантиметрдей мүйізі болады, ал ешкісінің мүйізі 40 сантиметрдей. Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде фототұзақтар құру арқылы таутекелердің таралу аумағына, маусымдық құбылыстарына тұрақты бақылау жүр­гізіледі. Сібір тау ешкісінің видеосы желіде қызу талқыланды. Оның ірілігі мен мүйізі жұртты қайран қалдырды.

А.ЖОЛДАС