Бублик екінші айналымға шықты
Бублик екінші айналымға шықты
100
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Барселона ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 48-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович Фокинамен өткізді. Бірінші партияда А.Бубликтен екі жас кіші, 21-дегі испаниялық спортшы басымдық танытты – 6:2. Ол екінші сеттің ортасына дейін сенімді ойнады. Екінші партияда есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасап кетті. Содан соң өз геймін оңай ала білді – 7:5. Үшінші шешуші партияда тағы екі брейк жасаған А.Бублик матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 25-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минормен шеберлік байқасады. Барселона додасы 25 сәуірде мәреге жетеді.

Әбілмансұр ЖАСАН