«Ана» дегеннен басқа сөз айтпайды» – баланы аялдамаға тастап кеткен
«Ана» дегеннен басқа сөз айтпайды» – баланы аялдамаға тастап кеткен

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтады. Полицейлер 19-20 сәуірге қараған түні Солтүстік айналым көшесіндегі аялдамадан ер адам нәрестені тауып алғанын айтты.

«Ер адам түнде баланы үйіне алып кеткен. 20 сәуір күні түстен кейін полицияға келіп, бала туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды. Оны №2 Балалар клиникалық ауруханасына тексеру үшін жеткізді. Бала «ана» дегеннен басқа сөз айта алмайды. Өз атын білмейді», – дейді полицейлер.

Баласын тастап кеткен әйел ұсталды. «Әйелдің екі баласы бар. Бұрын да полициядан ескерту алған. Әйелдің мәселесін бұған дейін де Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қарады. Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйел баланы бірнеше рет тастап кеткенін айтты. Заңнамаға сәйкес, әйелдің жүрген жері анықталғаннан кейін жауапқа тартылады», – деді полицейлер.