Қорғаныс министрлігі Су-30СМ ұшағы апатының себебін айтты
Қорғаныс министрлігі Су-30СМ ұшағы апатының себебін айтты
135
оқылды

Министрлік Қарағанды облысында Су-30СМ ұшағының апатқа ұшырау себебін тексеру жөнінде арнайы құрылған комиссия барлығын жан-жақты тексерді.

"Апатқа бір топ құстың ұшаққа соқтығысуы себеп болуы мүмкін. Құстар - авиация үшін өте қауіпті. Турбиналы ұшақ жолында кездескеннің бәрін ішкі қарай тартады. Күштік құрылғыға тап болған ірі құстар қозғалтқышты барынша зақымдап, оны істен шығарады. Мұндай соқтығулар негізінен ұшу және қону кезінде болады. Ұшақтардың корпусы құстардың соққысына төтеп бергенімен, қозғалтқышы шыдамайды. Қозғалтқышқа құстар кірсе істен шығады. Оған бір топ құс кіріп кетсе, онда екі қозғалтқыш сол мезетте тоқтайды. Мұндай жағдайлар өте қауіпті» делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Министрліктің мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақтағы екі ұшқыш та – кәсіби маман, 2-сынып біліктілігі бар. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтын бітірген. Екеуі де әуеде 1 500 сағатқа жуық ұшқан.