"Қазгидромет" РМК 22-24 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады", - делінген хабарламада.