Төрешіге ыза болған Тоқаев көзіне жас алды
Төрешіге ыза болған Тоқаев көзіне жас алды
184
оқылды
Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі үшінші жартылай финалдық матчында "Атырау" мен "Ақтөбе" командалары өзара бақ сынады. Бұл қызу дода қып-қызыл дауға ұласа жаздады, деп хабарлады Sports.kz. Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі үшінші жартылай финалдық кездесуінде "Ақтөбе" жеңімпаз атанды. Ұпай 3:5 болған кезде "Атырау" ойыншысы Жомарт Тоқаев дөрекі қылығы үшін "қызыл" қағаз алып, қатты ашуланды. Өз дегенін дәледегісі келіп, қазыға тап берді, бірақ ол оны тыңдай қоймады. Әбден ызаланған ол ақырында көзіне жас алды. Нәтижесінде "Атырау" "Ақтөбеден" 4:6 есебімен ұтылды. "Ақтөбеден" Еленилсон, Ақжол Тыныштықбаев, Асхат Құлбаев, Аршат Сатжан, Витао (2) гол соқса, "Атыраудан" Болат Сарбасов (2), Эрик Данило және Эвертон гол салды. Осылайша есеп бойынша 2-1 ұпайымен "Ақтөбе" жеңіске жетті.