Алматыда ҚазҰУ-ді дәріптеу әрі оқу орнының имидждік бейнесін жаңарту мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «FARABI UNIVERSITY» логотипіне жалпыреспубликалық байқау жарияланды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау талаптары:- Ел білімі мен ғылымының флагманы – ҚазҰУ-ді дәріптеу әрі оқу орнының имидждік бейнесін жаңарту;
- Университеттің имидждік өнімдеріне жаңа және креативті идеялар ұсыну;
- Авторлық құқықтарды сақтау;
- Көшірме болмауы.
- Байқауға қатысушылар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша түсіндірмелік мәтінмен dvr@kaznu.kz электронды поштасына 2021 жылдың 21 мамырына дейін жолдауы тиіс;
- Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқығына келіскен деп есептеледі;
- Үздік шыққан логотип оқу орнының ресми төлтаңбасы ретінде қабылданады.