Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді: Марқұмды Оралда жерледі

Айнагүл Хайруллинаны бүгін Оралда жерледі, - деп жазды "Мой ГОРОД".

- Ол өте мейірімді, ашық-жарқын және үлгілі ана болатын, - дейді сыныптастары.

- Ол балалары үшін аянбайтын. Екі баланы өзі асырады. Бір ай бұрын балаларының тілегін орындап, Түркияға бөліп төлейтін жолдама  алған болатын. Ол айналасындағы адамдарға көмектесуге дайын тұратын. Бала секілді аңқау болатын. Онымен қоштасуға бүкіл Қазақстаннан адамдар келді, - дейді құрбысы Раушан.

Бұған дейін Оралда әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін қызғаныштан  пышақтап өлтіргенін жазған болатынбыз.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.