ПТР-анықтамасыз келген 3 ресейлік кері қайтарылды

ПТР-анықтамасыз келген 3 ресейлік кері қайтарылды

Павлодар облысы аумағында орналасқан автомобиль өткізетін 4 шекаралық бекетте адамдардың кіріп-шығуына бақылау жалғасуда, деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.

«Өткен тәулікте Павлодар облысы аумағындағы мемлекеттік шекара бекеттерінен 321 азамат өтті. Оның ішінде 137 жаяу жолаушы, 184 жүк көлігінің жүргізушісі болды. ПТР-анықтамасыз келген 8 қазақстандық карантиндік стационарға жатқызылды. Шекара бекетіне ПТР-анықтамасыз келген Ресей Федерециясының 3 азаматына ел аумағына өтуге тыйым салынды», - делінген хабарламада.