Біртановқа отбасын асырау үшін сыртқа шығуға рұқсат берілді
Біртановқа отбасын асырау үшін сыртқа шығуға рұқсат берілді
160
оқылды
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мамырдың соңына дейін үйқамақта болады, алайда, отбасын асырау үшін оған үйден шығып, жұмыс істеуге рұқсат берілді, - деп хабарлады «Хабар 24» Сот оның қорғаушыларының өтінішін жартылай қанағаттандырды. Біртановтың 5 баласы бар, оның үшеуі кәмелет жасына толмаған. Сондықтан сот оған жұмыс істеуге рұқсат беріп отыр. Бұрынғы шенеунік үйден таңғы 8-де шығып, кешкі 7-де үйде болуы тиіс.  Экс-министр осылай бір ай жүре алады. Былтыр жазда Президент пәрменімен Елжан Біртанов қызметінен босатылған. Кейін қараша айында оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Ізінше үйқамаққа алынғаны белгілі болды. Оған «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылып отыр.