Алматыда 7 жасар қызды зорламақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Алматыда 7 жасар қызды зорламақ болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
103
оқылды
Алматыда жеті жасар қызды зорламақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға күндізгі сағат бірде қаланың Түрксіб ауданында болған.
– Жеті жасар қыз дүкеннен үйіне қайтып келе жатқан. Оның артынан ерген ер адам кіреберіске онымен бірге кіріп, баланы қолына көтеріп, төмен қарай баспалдақпен алып түскен. Содан кейін белгісіз адам кішкентай қызбен бірге кіреберістің бұрышына қарай кеткен, ол жерді  бейнекамера көрсетпейді. Сол жерде оның қызды шешіндіріп, қолын тигізе бастағаны анықталды. Бала қашып үлгерді. Ол үйге жүгіріп барып, болған жағдай туралы анасына айтып берген, анасы полицияға болған оқиғаны дереу хабарлаған, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Күдікті қамауға алынды. Бұл 2002 жылы туған азамат. Оның ақыл-есі кемдер есебінде тұрғаны анықталды. Ол сол ауданда тұрады.
– Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмыстық істер бойынша тиісті тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізілуде, – деді Әбдірахманов.
https://www.youtube.com/watch?v=PRDeqNCVWr4