Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен  Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - деп жазды ол  Twitter-де.