Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - деп жазды ол Twitter-де.