Шымкент қаласында жол жиегіндегі арықтан әйел адамның мәйіті табылды. Полицейлердің жіті тексеруі нәтижесінде марқұмның 39 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды.
"Оқиғаның себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіледі және соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды.