Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін деп хабарлайды Рolisia.kz. Полиция мәліметі бойынша, қызғалдақтарды жұлған ер адамды тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңында байқап қалған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал оның жұлып алған гүлдері сараптамаға берілген.
"Сайрам-Өгем" мемлекеттік табиғи саябағы өкілдері қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары", – деді ведомство өкілдері.
Айыпталушыға қатысты ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
"Мысалы, бап санкциялары 3000 АЕК (8 миллион 751 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді. Үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ мүлікті тәркілеп, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін", – деді полиция қызметкерлері.