22 сәуірге арналған ауа райы болжамы
22 сәуірге арналған ауа райы болжамы
131
оқылды

Солтүстікте антициклонның әсерінен күн ашық болады. Өзге өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.

Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстанда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Павлодар облысында жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматыда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, Алматы облысында көктайғақ болады.