Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты
Алматыда су құбырын тартып жатқан ер адам қаза тапты
145
оқылды

Оқиға «Ақжар» ықшамауданында болды. Бұл туралы марқұмның әріптесі Facebook-те жазба жариялады.

«20 сәуірде «Ақжар» саяжай тұрғындарына су құбырын жүргізіп жатқан әріптесіміз жоғары вольтті сымды іліп кетіп, сол жерде көз жұмды», – дейді әріптесі.

Полиция департаментінің мәліметінше, адам өлімі дерегі Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.