Танысының 2 миллион теңгесін ұрлаған ұры ұсталды
Танысының 2 миллион теңгесін ұрлаған ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің үйін сатқан танысымен қонақүйде ішімдік ішкені анықталды.

Ол бөтелкелесінің мас болғанын пайдаланып, оның ұялы телефоны мен банк картасын, әмиянын алып кеткен. Банкоматтан шамамен 2 миллион теңге қаражатты шешіп алған. Тергеу басталды.

Бұған дейін қонаққа барған үйін тонап кеткен ұры туралы жазған болатынбыз.