Covid-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін бала көтеруге бола ма?
Covid-19-ға қарсы вакцина алғаннан кейін бала көтеруге бола ма?
568
оқылды

Бұл сұраққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова жақында өткен Денсаулық сақтау министрлігінің брифингісінде жауап берді.

Оның айтуынша, вакцинадан кейін, бір жарым айдан соң қыз-келіншектерге бала көтеруіне болады. «Екі бірдей екпені алғаннан кейін, араға 1,5-2 ай салған соң ғана иммунитет толық қалпына келеді. Міне, сол кезде жүктілікті жоспарлауға болады», - деді ол. Алайда бұған дейін жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар аналарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға болмайтыны хабарланған. Осының анық-қанығын білу үшін басқа да дәрігерлердің пікірін білдік. COVID-19

Отбасылық дәрігер Жанар Қарабаеваның сөзінше, емізулі аналар мен екіқабат қыз-келіншектерге вакцина салдыруға болмайды. «Ал егер әйел вакцинаның бірінші екпесін алған соң жүктілігін білсе, екінші компонентті алуға болмайды. Өйткені вакцина салдырған соң, кем дегенде 6 ай өткеннен кейін бала көтеруді жоспарлаған дұрыс», – деді ол.

COVID-19«Вакцина салған соң, иммунитет 6-айда вакцинаны өзіне қабылдап, коронавирусқа төтеп беруі керек. Сол себепті осы аралықта бала көтермеген жөн. Оның үстіне, ондай кезде кез келген қыз-келіншек гинеколог дәрігерімен ақылдасқаны жөн», – дейді педиатр Роза Әлімбекқызы.