Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін жойды деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық топтың құрамына 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам кірген. Топты басқарған – 1994 жылы туған Х. есімді азамат.– Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің назарына Х. есімді азамат 2020 жылдың қыркүйек айында ілікті. Қолда бар жедел мәліметтерге қарағанда, топтағы адам бірнеше айдан бері Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х. есімді азаматтың және оның “көмекшілерінің” қылмыстық әрекеті ресми түрде жарияланды. Оның әр көмекшісінің рөлі нақты белгіленген. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізумен үш адам айналысқан, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассир болған, өтінім қабылдаған тағы төрт ер адам – қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жұмыс істеген, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.Алдыңғы түні жүргізілген арнайы іс-шара барысында 10 айыпталушы ұсталды. Синтетикалық есірткі өндірілген тұрғын үйді тінту кезінде белгілі бір иісі бар, ішінде ақ ұнтақ заты бар полиэтилен пакеті, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл ұнтақты зат табылды және тәркіленді.
– Есірткі зертханасының атрибутикасының көп бөлігі Алматы маңындағы жалға алынған тағы бір үйде табылды. Атап айтқанда, ұнтақ және кесек түріндегі заттар, электронды таразы, қабаты бар зертханалық шыны колбалар, ұнтақ пен кесек түріндегі өнімдерді және қасықтарды кептіруге арналған әртүрлі шыны ыдыстар, екі магниттік араластырғыш, бір мың түрлі-түсті полиэтилен пакеті, зертханалық жағдайда қолданылатын противогаздардың екі жиынтығы тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, тәркіленген заттар – “мефедрон” есірткісі. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп қорытындылады Әбілбеков.
Желі қолданушылары видеодан қазақстандық танымал Mad Men тобының әншісін және олардың продюсерін бірден таныған.
https://www.youtube.com/watch?v=H_H6HofkYkU