Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр
Ескендір Хасанғалиев пен оның жары жансақтау бөлімінде жатыр
329
оқылды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық әртісі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев пен оның жұбайы коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Соңғы уақытта қаншама адам қоңырау соғып, ата-анамның хал-жағдайын сұрап жатыр. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің «состояние стабильное, без ухудшения» деген сөзі үміттендіреді. Алла тағала қолдасын", - деп жазды ол.
10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлады.