Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық әртісі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев пен оның жұбайы коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Соңғы уақытта қаншама адам қоңырау соғып, ата-анамның хал-жағдайын сұрап жатыр. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің «состояние стабильное, без ухудшения» деген сөзі үміттендіреді. Алла тағала қолдасын", - деп жазды ол.10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы (@birjan_khassangaliev)