Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Рая Мінап Рая Мінап
Сәуір 22, 2021
25
қаралым

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның онлайн жүйесіндегі отырысы өтті деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Отырысты ашқан Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер біздің Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы болып табылатынын және үш онжылдық бойы Қазақстан халқының бірлігін, тұтастығын және азаматтық бірегейлігін бейнелейтінін атап өтті.Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес мемлекеттік рәміздерді пайдалануды кеңейтуді көздейтін заңнама мен нормативтік актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленгенін айтты.

Отырыста Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, геральдикалық зерттеулер орталығының қызметі туралы, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов пен Ақмола облысының әкімі  Е. Маржықпаевтың мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздер мен геральдика саласы бойынша, атап айтқанда, осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту, ведомстволық наградаларды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарға патриоттық тәрбие беруде қоғамдық ұйымдардың әлеуетін кеңінен пайдалану туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне өңірлерде мемлекеттік рәміздерді насихаттау орталықтарының тиімді қызметін қамтамасыз ету, шалғай ауылдық округтердегі осы жұмысқа ерекше назар аудару тапсырылды.

Тегтер: комиссияҚырымбек Көшербаевотырыс

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11 өңірде ескерту жарияланды

Бір мыңнан астам онлайн несие қылмыстық жолмен алынған

Халықтың айтары қалыс қалмайды

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Түркістан облысында сыныптастар 3 баласы бар жесір әйелге 4 бөлмелі үй алып берді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»