Ақтауда ер адамның дүкен сатушысына шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Ақтауда ер адамның дүкен сатушысына шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды
5,138
оқылды

Ер адам дүкен сатушысын тұншықтырып, есінен тандырған. Күдікті ұсталды деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.  

Желіде Ақтаудағы 13 шағынауданда орналасқан азық-түлік дүкенінде ер адамның сатушыға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды. Дүкенге кірген ер адам сатушы отырған жерге келіп, оның қолынан ұстап тұншықтырады.   Әйел есінен танып қалғанда, ер адам оны басынан бірнеше рет тепкен. Ведомствоның хабарлауынша,  оқиға 22 сәуірде түнгі сағат 03:07-де болған. Күдікті ұсталды.
-Полицияға ер адамның дүкен сатушысына шабуыл жасап, ақша мен ұялы телефондарды ұрлап кеткені туралы хабар түсті.  Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол қылмысын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады департамент.
Полицейлер әйелдің тірі екенін хабарлады. https://www.youtube.com/watch?v=BiUh-ZSwDnk