Zakon.kz-тің мәліметінше, Абаста қаласы – Маңғыстау облысындағы Ақтау – Қаламқас тасжолының 106 шақырымында орналасқан.
[caption id="attachment_130778" align="alignnone" > ©zakon.kz[/caption] Бір қарағанда, жазық далада қалашық бар деп ойламайсыз. Алайда кішігірім порт қалашығын байқауға болады. [caption id="attachment_130782" align="alignnone" > ©zakon.kz[/caption] Оның ішінде: әуежайы, теңіз порты, шіркеуі, мұнарасы, пошта мен кафесіне дейін бар. [caption id="attachment_130779" align="alignnone" > ©zakon.kz[/caption][caption id="attachment_130780" align="alignnone" > ©zakon.kz[/caption] «Абаста көшелерімен серуендеп келе жатып, бейне бір өткен ғасырға түскендей боласыз» деген ол, уақыт өте қойылған декорацияның ескіріп, жойылып жатқанын тілге тиек етті. [caption id="attachment_130781" align="alignnone" > ©zakon.kz[/caption] Бәрі осы қалыпта қалса, картада жоқ қала түбегейлі жойылып кетеді деген үрейі барын да жасырмады.– Негізі бұл қалашықты кино түсіру үшін арнайы тұрғызған екен. Бүгінге дейін мұнда екі кино түсіріліпті. Біріншісі, теңіз жайында және оның суы сарқылып, тіршіліксіз қалған балықшылардың күнкөрісі көрсетілді. Ал екінші лентада – ауған соғысының ащы шындығы жайында, – дейді Мақсат Ақмұратов.