Қызылордада 217 бала ұсталып, 22-сі бейімдеу орталығына жеткізілді

Қызылордада 217 бала ұсталып, 22-сі бейімдеу орталығына жеткізілді

Дәр қазіргі сәтте Қызылорда облысында «Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Нәтижесінде полиция органдарына барлығы 217 кәмелетке толмағандар жеткізілді.

Оның 195 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін жеткізіліп, ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылса, 22-і қаңғыбастық пен кезбелікке салынғандары үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. «Қызылорда облысы көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында  қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу, болдырмау  бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз  түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау, қылмысқа бейім, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алу мақсатында 2021 жылдың  19 мен 25 сәуір аралығында облыс көлемінде «Заң-Бала-Қауіпсіздік» жедел профилактикалық  іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның 3-күнінде полиция органдарына барлығы 217 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның 195 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін жеткізіліп, ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылса, 22-і қаңғыбастық пен кезбелікке салынғандары үшін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжахан Қайырбергенова. Департаменттің мәліметіне сүйенсек, жүргізілген рейдттік шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы – 3 дерек, 200-бабымен6 дерек  анықталды. Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналарға қатысты (ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы)  6 дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен барлығы 184 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шара қолданылған. «Полиция департаментінің басшылығының тапсырмасына сәйкес, ата-аналармен онлайн түрде кездесулер өткізіліп, оларға құқықтары мен міндеттерін, қылмыс пен құқық бұзушылықтың зардаптарын, олардың алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді», – дейді Г.Қайырбергенова.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕК, Қызылорда облысы