«Ордабасы» ресейлік клуб капитанына ұсыныс жасады
«Ордабасы» ресейлік клуб капитанына ұсыныс жасады
© fckhimki.ru
212
оқылды
Шымкенттік «Ордабасы» ресейлік «Химки» капитаны Дмитрий Тихийге қызығып отыр, – деп хабарлайды Vesti.kz порталы «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап. Ақпарат бойынша, қазақстандық клуб 27 жастағы қорғаушыға ұсыныс жасаған екен. Мұның алдында «Ордабасы» сапына ҰФЛ-дің (Ресейдің екінші дивизионы) басқа ойыншысы – «Енисейдің» қорғаушысы Александр Клещенко өткен болатын. Сонымен бірге, Д.Тихий «Ордабасы» ұсынысын басты ретінде қарастырып отырған жоқ, өйткені ол карьерасын Ресей премьер-лигасында жалғастырғысы келеді. ҰФЛ-дің қазіргі біріншілігінде 27 жастағы футболшы 24 матчте ойнады. Бұған дейін Тихий «Луч», «Факел» мен «Томь» командаларында өнер көрсеткен.