Павлодарда жүргізуші дүңгіршекті қағып кетті. Абырой болғанда, сатушы мен басқа да адамдар зардап шеккен жоқ деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13.00-де Қамзин көшесімен келе жатқан «Тойота» маркалы автокөлігінің дөңгелегі жарылып кеткен.
"Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, дүңгіршекке барып соғылған", - дейді департаменттегілер.Аталған факті бойынша жүргізуші ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің сау болғанын көрсетті.