Есіл өзенінде автокөлік суға батып, бір адам көз жұмды
Есіл өзенінде автокөлік суға батып, бір адам көз жұмды
257
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл өзенінде суға батып кеткен автокөлік табылды. Көлікте ер адам болған, ол көз жұмды. Төтенше жағдай Қызылжар ауданының Красный Яр ауылының маңында болды. Жол талғамайтын көлікті трактордың көмегімен өзеннен шығарып алуға тура келген. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"Есіл өзенінен Toyota Surf автокөлігін Петропавл тұрғынының денесімен бірге алып шығу фактісі бойынша Қызылжар ауданының полиция бөлімі "001" санат бойынша (адамның өлімі) сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.