922 қазақстандық шетел түрмесінде отыр
922 қазақстандық шетел түрмесінде отыр
100
оқылды

Соңғы бес жылдың ішінде елімізде іздеуде жүрген адамның 518-і басқа елдерге жіберілді. Олардың 346-сы елге қайтарылды. Бұл туралы Сенаттың кезекті отырысында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Бекназаров мәлімдеді.

Сенат депутаты өз баянда­масында экстрадициялау саясаты бойынша еліміз ең көп ынты­мақтастық орнатқан елдерді де атады. – Экстрадициялау мәселелері бойынша ең көп ынтымақтастық жүзеге асырылған мемлекеттер – Өзбекстан, Ресей, Қырғыз Рес­пуб­ликасы. Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, еліміздің құқық қорғау органдарымен іздестіруде 2 341 адам бар, оның ішінде мем­лекетаралық іздестіруде – 750, халықаралық іздестіруде – 1 591 адам, – деді Нұрлан Бекна­заров. Жалпы, Қазақстан бүгінде 27 мемлекетпен Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттар жасасқан. «Қазір Португалия, Кипр, До­миникан және Аргентина ел­дерімен қол қою жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Былтыр басқа мемлекеттерге 163 сұрату бойын­ша құқықтық көмек көрсеттік. Біздің 185 өтінішімізді шетел ор­гандары орындады» деп нақ­тылады  Бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов. Жоғарғы палатаның отыры­сында қосымша баяндама жа­саған Конституциялық заң­нама, сот жүйесі және құқық қорғау ор­ган­­­дары комитетінің мүшесі Сұл­тан­бек Мәкежанов бүгінде шетел­де қанша қазақстандық аза­­мат жа­засын өтеп жатқанын мәлім­деді. «1 сәуірде берілген ста­тис­ти­ка­лық мәліметтерге қарай­тын бол­сақ, бүгінде сотталған 922 қа­зақ­стандық шетелде жазасын өтеу­де. Керісінше, сотталған 970 шетел­дік азамат біздің елде жаза­сын өтеп жатыр», – деді Сенат депутаты.

Ділдә МАДИЯР