Жауын-шашын жауады. Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс және оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, батысында бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысында секундына 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Түркістан облысында 15-25 м/с жылдамдықпен дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Маңғыстау, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады. Жамбыл, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с болады. Қарағанды, күндіз Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.