Экс-депутаттың ұлы өз-өзіне қол салмақ болған ба?
Экс-депутаттың ұлы өз-өзіне қол салмақ болған ба?
156
оқылды

Заң бөлімінің басшысы өз кабинетін іштен құлыптап алып, өз-өзіне қол салған, – деп хабарлайды AstanaTV.

Телеарнаның мәліметінше, бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Абырой болғанда, дәрігерлер шапшаң қимылдап, оны аман алып қалған. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл оқиғаның нақты себебін полицейлер білмейді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы болса, суицид дерегін жоққа шығарды. Аурухананың заң бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарған науқас, қан тамырлары ауруы диагнозымен емделіп жатқанын айтты. Өміріне аса қауіп жоқ екенін хабарлады.

Бұған дейін науқастар аурухананың сыртында жатқаны жайында жазған болатынбыз.