Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
180
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 сәуір күні шамамен сағат 17:51-де LADA жүргізушісі рөлге ие бола алмай, апатқа ұшыраған.

Нұр-Сұлтан – Малотимофеевка тасжолымен А1 көшесіне қарай келе жатып, «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына» тиесілі УАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жедел жәрдем көлігі жолдың шетіне шығып кеткен.

«Жарақат алған жүргізуші мен УАЗ көлігінің бес жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Төртеуі дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберілді. Тергеу басталды», – дейді полицейлер.

https://youtu.be/4OyJjpFzHIA

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, екі дәрігер көз жұмған еді.