Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 22 сәуір күні шамамен сағат 17:51-де LADA жүргізушісі рөлге ие бола алмай, апатқа ұшыраған.
Нұр-Сұлтан – Малотимофеевка тасжолымен А1 көшесіне қарай келе жатып, «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына» тиесілі УАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жедел жәрдем көлігі жолдың шетіне шығып кеткен.https://youtu.be/4OyJjpFzHIA«Жарақат алған жүргізуші мен УАЗ көлігінің бес жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Төртеуі дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберілді. Тергеу басталды», – дейді полицейлер.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, екі дәрігер көз жұмған еді.