Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, сот санкциясымен отыз жастағы ер адамға екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Болатбек Белгібеков.
Оралда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді. Марқұм әйелдің соңында екі кішкентай баласы қалды.