«Бомба бар-ау...» – Алматыда бүгін екі жерде адамдар эвакуацияланды
«Бомба бар-ау...» – Алматыда бүгін екі жерде адамдар эвакуацияланды
116
оқылды

Атап айтқанда, әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан кешеннен адамдар эвакуацияланды.

Полицияға әл-Фараби даңғылындағы VILLA Boutiques & Restaurants-те бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.    width= Екіншісі, таңертең «Март» сауда үйінде бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оның да анық-қанығын мамандар тексеріп жатыр.

«Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сауда орталығының ішіндегі адамдарды сыртқа шығарды. Орталықтың 40-қа жуық қызметкері эвакуацияланды. Бұл уақытта іште сатып алушылар болған жоқ. Сауда үйі әлі ашылмаған еді. Саперлер тексеріп жатыр», – дейді полицейлер.

Куәгерлер түсірген фотода адамдарды далаға шығарып жатқанын көруге болады.