Атап айтқанда, әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан кешеннен адамдар эвакуацияланды.
Полицияға әл-Фараби даңғылындағы VILLA Boutiques & Restaurants-те бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.Куәгерлер түсірген фотода адамдарды далаға шығарып жатқанын көруге болады.«Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары сауда орталығының ішіндегі адамдарды сыртқа шығарды. Орталықтың 40-қа жуық қызметкері эвакуацияланды. Бұл уақытта іште сатып алушылар болған жоқ. Сауда үйі әлі ашылмаған еді. Саперлер тексеріп жатыр», – дейді полицейлер.