Есіл өзеніне көлігімен түсіп кеткен тұрғын қаза тапты
Есіл өзеніне көлігімен түсіп кеткен тұрғын қаза тапты
97
оқылды

Құтқарушылар көлік ішінде суға кеткен ер адамның денесін Есіл өзенінен алып шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше түнгі сағат 2.30-дар шамасында болған. Қызылжар ауданы Қызыл Яр елді мекенінің маңындағы Есіл өзенінде балық аулауға шыққан екі ер адам Toyota surf көлігімен Есіл өзеніне түсіп кеткен. Ұйықтамақ болған кезде балықшылардың дөңде тұрған машинасы өзенге сырғыған. Көлік жүргізушісі өздігінен шығып, аман қалды, жолаушысы мерт болды.

СҚО ТЖД бөлім бастығы Сәкен Ағзамов: «Хабар түскен сәтте оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқару тобы жіберілді. Сүңгуірлер сағат таңғы 6.00-ден іздеу операциясын бастады. Тек сағат 11.00 шамасында ғана автокөлік жағалаудан 30 метр жерден табылды. Көлік судан шығарылды. Оның ішінен жолаушының мәйіті табылды. Қаза тапқан ер адам 39 жастағы Петропавл тұрғыны екені анықталды.Олар балық аулаған. Спирттік ішімдік ішкен», – дейді.