Департамент өкілі Алматыда митинг өткізуге тыйым салынғанын айтты
Департамент өкілі Алматыда митинг өткізуге тыйым салынғанын айтты

Сол себепті, қалада кез келген бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жанболат Мамайдың көпшілікті митингіге шақыру туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.

«Алматы қаласы «қызыл» аймақта болуына байланысты бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген. Сондықтан ешқандай митингі өткізуге рұқсат жоқ» делінген  ресми хабарламада.

Бұған дейін бейбіт жиындар туралы өтініштерді қарайтын уәкілетті органға бұл митингіге рұқсат беруден бас тартуға кеңес берілген. «Түсініктемелері бар тиісті хат Жанболат Мамайға уақтылы жіберілді», – дейді департамент өкілі.

Бұған дейін бейбіт митингке шығатын азаматтардың құқығы мен міндеті туралы жазған болатынбыз.