Шетелдіктер қазақтың қойына қызығып отыр – Ауыл шаруашылығы министрі
Шетелдіктер қазақтың қойына қызығып отыр – Ауыл шаруашылығы министрі
241
оқылды

Министр Қазақстанның ішкі нарығы отандық қой етімен 100 пайызға қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Отандық қой етіне шетелдіктердің қызығушылығы зор. Мысалы, болжам бойынша, 2026 жылы Қытай – 232 мың тонна, Еуразия одағы елдері – 172 мың тонна, Біріккен Араб Әмірлігі – 228 мың тонна, Малайзия 46 мың тонна қой етін қажет етеді. Бұл – біз үшін қой өсіруді дамытуға зор мүмкіндік. Болашақта әлемдік нарықта жоғары сапалы өніммен, жаңа технологияларды пайдаланумен бәсекелесе аламыз», – деді ол.

Биыл агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға арналған Ұлттық жобасы әзірленеді.

Ұлттық жобада қой шаруашылығымен айналысатын фермерлерді үздік тәжірибелер мен технологияларды қолдануға ынталандыру, жайылымдарды игеру, кредит беру, жайылыммен қамтамасыз ету, шопандардың зейнетке шығу жасын төмендету, әлеуметтік тұрмысын жақсарту мәселесі жан-жақты қарастырылады.