Қазақстанда күн жылынады
Қазақстанда күн жылынады
"Қазгидромет"  РМК 24-26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, ауа температурасы жоғарылайды. Алдағы күндері атлантикалық циклонның жақындауымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады, батыс өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.