Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жиған-терген мүлкін тер төгіп, еңбектеніп тапқанын айтып, қай мүліктің отбасы мүшелерінің қайсысына тиесілі екенін түсіндірді.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=gfiA27T05po&t=3s[/embed] Естеріңізге салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде экс-министрдің байлығы жайында видео тарап, оны Геленджиктегі сарай иелеріне теңеген болатын. Тіпті, видео «Қазақстандағы ең бай шенеуніктің кім екенін білесіз бе? Өмірінде бизнеспен айналыспаған. Соған қарамастан иелігінде мейрамханасы, қонақ үйі, фитнес орталығы, ат қоралары, жалға беретін ғимараты жеткілікті» деп басталған. Міне, бүгінде Арыстанбек Мұхамедиұлы сол тізімдегі мүліктің тек бір бөлігін иелік ететінін жеткізді.Сонымен қатар Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйіне қатысы бар-жоғын ашып айтты. «Сол қонақүйдің 71 пайызы енеме тиесілі. Оны біз 2020 жылы сатып алғанбыз. Ал Bali Spa – қонақүйдің бір бөлігі. Ол нәрсе декларацияда көрсетілген. Өзім бала кезімнен еңбекқормын. 2000 жылдары алғаш астанаға көшіп келгенімізде, әйелім екеуміз «Якутские бриллианты» деген дүкен аштық. Өйткені оның інісі, менің қайын інім сол жақта тұратын. Intercontinental қонақүйінде орынды жалға алып, ісімізді бастаған едік. Сөйтіп, біраз шаруамен айналыстық. Арасында «Тәуекел-Т» ЖШС газ компаниясы да бар. Қазір бұл істе жоқпыз. Егер осының бәрін жасыратын болсам, офшорлыққа шығарар едім ғой» дейді ол. Оған қоса, Ұлттық музей директоры «Шапағат» базары өзіне емес, қызына тиесілі екенін жеткізді.– Әйелімнің The Family деген кафесі бар. Оның көлемі, сөз қылғандай, 2000 шаршы метр емес, 900 ғана. Өткен жылы «Қазақ энциклопедиясы» баспасын сатып алғанбыз. Оның өзі келіншегіме тиесілі. Alem Education System деген білім орталығы – екі ұлымның иелігінде. Бүгінде олар колледжін ашып алды. Халықаралық колледждің негізгі бағыты – туризм, мейрамхана ісі, аспаздық, аударма ісі. Өзім осы саланың ыстық-суығына күйіп, басқарушылық қызметті атқарған соң, елімізде бұл қызметтің әлі дұрыс жолға қойылмағанын білемін. Сондықтан біз колледж бен қонақүйді біріктіріп жатырмыз. Ал білім беретін компанияны Айжан, Димаш, Жандос деген үш баламның есімімен AiDimZhan-CO деп атадық, – деді экс-министр YouTube-каналдың Qasqa Jol-да берген сұхбатында.
Сөз соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің тұрып жатқан үйінің көлімі 540 шаршы метр екенін айтты. Сонымен бірге экс-министр бейнежазбада көрсетілген Көк-Төбедегі сарай мен ипподром оның отбасына тиесілі емес екенін тілге тиек етті. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=f2oyTumdi0k&t=6s[/embed]«Үлкен қызым Айжанға жігіті сөз салған соң, жақын адамдарымызбен бірлесіп, қала шетіндегі Шапағат базарын сатып алдық. Қазір акцияның 45%-ы Айжанға тиесілі. Бұл іске біз бизнес ашу үшін емес, достық қарым-қатынасты нығайту үшін бардық. Онда да базарды былтыр алған едік. Егер бұл істі қызметте жүріп жасасам, «бұл қалай?» деп айтуға болады. Биыл Айжан қызымыз тұрмысқа шығады. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Ал «Шапағат» базары – сыйлықтардың бірі», – деп түсіндірді ол.