Mad Men тобының ұсталған мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін

Mad Men тобының ұсталған мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін

Алматы қаласы Полиция департаменті есірткі өндіріп, сатумен айналысты деген күдікпен ұсталған Mad Men Q-pop тобының мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша тергеліп жатқанын хабарлады. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі  "Алдын-ала сөз байласу арқылы бір топ адамның есірткі, психотроптық және сол тектес заттарды заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сақтау және сату мақсатында тасымалдауы" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл бап бойынша айыпталушылардың мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейін Алматыда есірткі сатумен айналысқаны үшін танымал топтың мүшелері ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.