Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысына еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жайында баяндалды.