Mad Men Q-pop тобының екі мүшесі әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Жігіттер пікірлерін әлеуметтік желіде жариялаған.
"Түсініксіз дүниелер көп. Толық мәлімет шықпайынша, қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Бәрі шешілген соң өзіміз айтып береміз", - деді топ мүшелерінің бірі Мадияр Ахметқали.
"Асықпаңыздар. Бізде бәрі жақсы болады. Көріскенше, сау болыңыздар", - деді ол.Бұған дейін Алматыда есірткі сатумен айналысқаны үшін танымал топтың мүшелері ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=sUpPIfRt6N0