Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Қатауолла Ашығалиев коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, коронавирус белгісі бар пневмонияға шалдыққан мәслихат депутаты соңғы 4 күн бойы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан және 23 сәуірге қараған түні қайтыс болған. Қатауолла Ашығалиев 1948 жылы 26 ақпанда туған. 1993-1994 жылдары Орал қаласының әкімі қызметін атқарды. 2016 жылы Батыс Қазақстан облысынан республикалық жер комиссиясының құрамына кірді. 1999 жылдан бері облыстық мәслихаттың депутаты.